Қасиетті Рамазан айында жылдағы дәстүрге сәйкес Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің дәмханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан 300 адамға ауызашар дастарханы жайылды.
Ауызашар рәсіміне облыс имам А.Керімбек, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, облыстық келісім орталығының директоры Е.Байқонақов, «Нұр-Мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Баһадыр және т.б. зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар қатысты.
Жалпы, шара аясында өкіл имамы Ахметжан Керімбек жиналған көпшілікке Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауы мен Рамазан айына байланысты ел халқына жолдаған үндеуін кеңінен таныстырды.
Шара соңында барлық қатысушыларға кәде-сыйлық табыс етілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі