Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының «Абдулхамид Әл-Қаттани» мешітінің найб имамы Ақтөре Әліпбайұлы «Шымкент» медресе-колледжінің студенттерімен жүздесті. Жүздесудегі мақсат болашақ мамандарды болашаққа жігерілендіру, білімге құштарлату, ел болашағы үшін аянбай тер төгу бәріміздің борышымыз екенін санаға салу. Және де сұхбат барысында қарттарды сыйлау, әке-шешенің қадіріне жету, өз өмірін жақсы жаққа өзгерту әркімнің өз қолында деген тақырыптар қозғалды. Кездесу соңы сұрақ-жауаппен аяқталып, шәкірттер маңызды да ғибратты кездесу болғанын айтып қорытындылады.
«А.Қаттани» мешітінің баспасөз қызметі