ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілі, Шымкент қаласы орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Шымкент қаласы, Абай ауданының имамдарымен жиналыс өткізді. Күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер қаралып, оларға байланысты өкіл тарапынан тапсырмалар берілді. Атап айтқанда теріс ағыммен жұмыс мәселесіне байланысты, әр мешіттің имамы мешітіне келген жамағатпен таныс болу, олармен әрқашан да байланыста болып, мәміле жасасып тұру.  Мешіттердің сыртық және ішкі тазалығы қатаң қадағалануда болу. Мешіт қызметкерлерінің этикасы, халықпен сөйлесу мәнері жақсы болу. Мешіт қызметкерлерінің білім деңгейі әрдайым назарда болып, аттестациядан өтіп тұру. Жергілікті ақпараттық насихат тобы құрылып әр мешітте жамағатқа дұрыс жүиедегі уағыз-насихат жасалу. Мешіттерге жас, білікті мамандар тартып, оларды жұмыс тәжірибесінен өткізу. Қорыта келгенде өкіл имам теріс діни ағыммен жұмыс бағытын жүиелі түрде дамытып отыру керек екенін қатаң тапсырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38