Бүгін, Ақтөбеде лаңкестік салдарынан қаза тапқан бауырларға Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде жамағат Құран тіләуат етілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 9 маусым күнін жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауына орай, облыс имамы А.Керімбек Ақтөбе қаласында лаңкестік салдарынан қаза тапқан ерлеріміздің ерліктерін еске алып, елімізге тыныштық тіледі.
Дәл осындай еске алу шарасы облыстың 790 мешітінде ерекше құрметпен аталып өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі