Барлық мақтау бүкіл әлемнің иесі Аллаға тән. Бүкіл әлемге қамқорлық әрі ескертуші ретінде жіберілген әлемнің ең соңғы Пайғамбары Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сәлем әрі салауат   болсын!

Ислам діні аналарға құрмет көрсетуде қатты көңіл бөлген. Оған дәлел қасиетті құран кәрімде бірнеше жерде Ата-анаға жақсылық жасауға шақыран (Анкәбут сұресінің 8-ші аяты)

 «Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық.» – делінген.

2-ші аятта Ана – дүниедегі ең ардақты жан. Ол – әлемдегі барша ізгілік пен мейірімнің, парасат пен тағылымның көрсеткіші. Ұлы Алла Тағала қасиетті Құранда: 

وَوَصَّيْنَا ٱلإِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ وَهْناً عَلَىٰ وَهْنٍ وَفِصَالُهُ فِي عَامَيْنِ

«Адамдарға ата-анасына жақсылық жасап, қарайласуды бұйырдық. Анасы қиыншылық үстіне қиыншылық көріп, оған жүкті болды. Екі жылда омыраудан айыруы (емшектен шығару) бар», – дейді («Лұқман» сүресі, 14-аят).

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Оның мейірімділігінде шек жоқ.

Баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу – әрбір баланың міндеттік борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Біздің өмірге келуімізге себепкер болған Ата-анамызға мәмілеміз қандай болу керектігін сүйікті Пайғамбарымыз  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Жәннат анаңның аяғынын астында, демек анаңа жақсылық жаса, дұғасын ал, сонда ғана жәннатқа кірерсің дегені. Бір кісі Пайғамбарымызға  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп  адамдардың ішіндегі ең жақсы мәмілеге лайықты адам кім деп сұрағанда, Пайғамбарымыз  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған анаңңа жақсылық қыл деді. Әлгі адам одан кейін кімге жақсылық қылайын  деді. Пайғамбарымыз  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның сұрағына анаңа жақсылық қыл деп 3-рет қайталап содан кейін 4-шісінде әкеңе жақсылық қыл деп жауап қатты. Бұл дегені  біздің жақсы мәмілемізге лайықты болған ең алдымен ол ата-анамыз екендігін Пайғамбарымыз  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) біздерге жеткізді. Мұса пайғамбардың Алладан оның жәннәттағы көршісінің кім екендігін  сұрағанда оған бір ет сатушы хасап жігіттің болатындығын айтады, сонда Мұса ол жігіттің қандай амалы (артықшылығы) бар екендігін білгісі келіп әлгі жігіттің үйіне қонақ болып барады. Әлгі жігіт күніге жұмыстан келіп қарт анасының кйімін тазалап, жуындырып және тамақтандырып қызметін жасайды екен.

Сондағы әлгі жігіттің анасы қолын жайып батасын береді екен. Мұса пайғамбар қызығып әлгі жігіттен анаңыз не деп дұға қылуда деп сұрағанда жігіт анасының Алладан  Я раббым ұлымды Мұса пайғамбардың жәннәттағы көршісі ете гөр деп дұға қылады екен. Сонда Мұса пайғамбар ол Мұса деген пайғамбар мен боламын, Алла тағала сенің менімен жәннәттағы көршім болатындығын аян етті соның себебім білгім келіп саған қонақ болып келіп едім,  анаңның дұғасы қабыл болған екенғой! деген екен.

Сол үшін ата анамыздың жақсы дұғаларын алып жәннәтқа кіруімізді баршамызға Алла тағала нәсіп етсін!!!Жұмабеков ДанабекШымкент қаласы, “Халифа Омар” мешітініңимамы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38