Сарыағаш аудан Біртілек ауыл әкімшілігіне қарасты Амангелді елді мекенінде 2016 ж 5 маусым күні «Біртілек» мешітінің ашылуы болып өтті.
Алланың жердегі үйі «Біртілек» мешітінің ашылуын ҚМДБ – ның ОҚО өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбеков, Сарыағаш аудан имамы Қалдаров Берік, Келес өңірі имамы Садыков Айдар, парламент сенат депутаты Али Бектаев, Сарыағаш аудан әкімі орынбасары Тасқұлов Смайл және басқа да қонақтар мен жергілікті жұртшылық қатысты.
Мешіттің ашылуы алдымен ҚМДБ – ның ОҚО өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек мырзаның Алланың кәләмы Құран Кәрімнен оқып дуға жасауымен басталды. Соңынан өкіл имам жиналған жұртты жаңа мешіттің ашылуымен және ертең басталатын қасиетті Рамазан шәриф айымен құтықтап «Алланың үйі болған бұл мешіт жамағатымен көрікті болсын. Елдің тыныштығы, халықтардың бірлігі, дініміздің өркендеуі үшін қызмет ете берсін» деп сөз сөйлеп ашып берді. Мешіт имамы Калиев Бекбол Жылқаманұлына қасиетті Құран кәрімді сыйға тартты.
Сонымен қатар «Біртілек» мешітінің салынуына себепкер болған Қуаныш, Нұр және басқа да үлестерін қосқан баршаға өз ризашылығын білдірді.
Кейінгі сөз алған Али Бектаев, аудан әкім орынбасары Тасқулов Смайл және басқада қонақтар ізгі тілектерін білдіріп сөз сөйледі.
Жаңа мешіттің сиымдылығы 150-200 адам. Қазіргі заман талабына сай салынған.
Алла бұл мешітті мусылман жұртшылығына қызмет ететін құтты да берекелді етсін.