Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент өкілдігі бойынша Жастар ісі секторы және Жастар ресурстар орталығы белсенділері және Шымкент медресе колледж жастарымен «Қарттарым аман саумысың» атты акцияны бастады. Акция қаламыздың барлық аудандарын қамтып, 5-ші қазанға дейін өз жалғасын табады. Акция аясында көмекке мұқтаж , әсіресе, ҰОС және тыл жұмыстары ардагерлеріне ерекше көңіл бөлініп, жастар өз тарапынан қариялардың үй-жағдайын жақсартып, абаттандыру, қысқа дайындау шараларына көмек көрсетеді.
Шымкент орталық мешітінің баспасөз қызметі