Бүгінде елімізде әртүрлі асханалар, дүкендер, шұжық цехтары бар және күн санап саны да артуда. Солардың ішінде халал қоғамдық тамақтану орталықтары үлкен сұранысқа ие болуда. Осыған орай бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Халал даму» бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев Шымкент қаласының халал стандарқа сай сертификат алған, барлық мекемелерді айлық тексерістен өткізді. Атап айтқанда «Сайрам сүт» кәсіп орны, 5 тұшпара цехтары, «Дастархан», «Кәмилә», «Кәусар», «Пәк», «Мұсылман» ет дүкендері. Және де «Зәм-зәм», «Мизам», «Мұмтаз», «КФС», «Қазан кебап» мейрамханалары толықтай халал ас станадартына сай тексерістен өтті.
Адал ас – денсаулық кепілі. Құлшылық – негізі. Дұға-тілектердің қабыл болуының алғы шарты. Өмірдің – берекеті. Асымыз адал болсын ағайын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі