Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің шешіміне сәйкес мешітке түсіп жатқан қаржының ашық һәм замана көшіне ілесу мақсатында мешіттерге садақа қабылдау терминалы орнату жұмыстары қолға алынды.
Соның бір айғағы, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі орталық мешітінде садақа қабылдайтын «киви» терминалы орнатылды.
Дәл осындай жұмыстар Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы 15 мешіттерге және Шымкент қаласының қала әкімдігімен арнайы келісім жасалынып, бірқатар орталық базаларға орнату көзделуде.
Садақа қабылдайтын «киви» терминалы арқылы кез-келген жерде садақа, зекет және коммуналдық төлемдерді төлеуге болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі