Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет Шымкент қаласының бас мешітінде бірқатар қала тұрғындары мен жамағатын жеке қабылдады.
Қабылдауға жазылған мешіт жамағаты мен қала тұрғындарының асыл дінімізді өркендетуге бағытталған түрлі ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жалпы, кездесу кезінде өңірдегі діни қызметтің сапасын арттыру,  дін мен дәстүр сабақтастығы, дін және отбасы мәселелері, жергілікті мешіттерді діни кадрлармен қамтамасыз ету және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізу,  діни сауат ашу курстары,  мешіт-медреселердің әлеуметтік жағдайы т.б. мәселелер айтылды.

Бас мүфти айтылған ұсыныс-тілектерді тыңдап, Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлына арнайы кешінді  жоспар әзірлеп,  жуық арада жүзеге асыруды тапсырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

    

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38