Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет Шымкент қаласы бойынша Орталық мешітінде «Дін және зайырлы мемлекет» тақырыбы бойынша жұма уағызын жүргізді.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет уағыз айту барысында елдің бірлігі, тыныштығы, заңға және басшыға бағыну сынды асыл қасиеттерді айта келе «Ата заң – адамдардың тілі мен дінін, ұлты мен ұлысын алаламай, бəріне бірдей тең құқық беретін басты құжат. Ендеше, Ата заңымызды ардақтап, оның талаптарын орындау – барша азаматтың асыл борышы, мызғымас міндеті.», – деді.
Қасиетті күннің жұма намазынан соң Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Жаратқаннан жақсылық тілеп, дұға жасап, бата-тілектерін арнады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі