Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша орталық «Әл-фараби» алаңында орталық «Ысқақ» мешітінің ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өтті.
Аталған шараға көршілес аудандар мен қала тұрғындары, жастар және қала қонақтары қатысты.
Іс-шараны ашқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Исламбеков: -Құрметті арыстықтар және қонақтар! Сіздерді Арыс қаласы ардагерлер атынан қасиетті Ұлық мереке Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – еліміздің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын, әр адамның жүрегіне ізгіліктің дәнін себеді.жиналған жамағаттарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, спорттық сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Орталық мешіттің бас имамы А.Абдулкерім:
– «Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Аллаһқа шүкір, халықтың талап-тілегі, Елбасының ұлттық мерекелердің мәртебесін көтеру бастамасының арқасында Құрбан айт мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін болды. Құрбан айт мерекесін спорттық іс-шаралармен өткізуіміздің мақсаты, жастарды салауатты өмір салтына шақыру, бұхаралық спортты дамыту болмақ-деп іс шараға қатысушыларды Құрбан айтпен құттықтап, спорттық сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар осы шараны өткізуге атсалысып отырған азаматтарға өз атымнан және қала тұрғындары атынан алғысымды білдіремін»,-деді.
Жарысқа қатысушылар еркін күрес, қазақша күрес, асық ату, қол күресі, арқан тартыс, кір тасын көтеру, уақытқа қошқар көтеруден және қошқар көтеруден сынға түсті.және жиналған балаларға балмұздақтар таратылып, Жарыс бұқаралық сипатта өріс алды.
Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Орталық «Ысқақ» мешітінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі