Бүгін Аудандық «Нұғман» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жамағаттарымен кездесуінде әуелі еліміз Тәуелсіздік жылдарында көп жетістіктерге қол жеткізгендігіне тоқталды. Сондай- ақ, халықпен ашық есік күнін өткізудің мақсаты- дін мәселесі бойынша туындаған сауалдарды зерттеп қана қоймай, оған оңтайлы шешімдер қабылдауға септігі тиетіндігін айтты.
Жүздесу барысында жамағаттың сұрақтарына тоқталып, жауап беріп отырды. Кейбір сұрақтарға фәтуа бөлімінен жауап алып, кейіннен сұрақтарға кеңінен тоқталатындығын жеткізді. Алғаш болып мешіт жамағаты тарапынан қойылған сұрақтардың ішінде: мектеп жасындағы балалардың киім кию үлгісі. Ол бойынша Наурызбай қажы Тағанұлы: «Мектеп жасындағы балалар- ішкі тәртіпке бағынулары тиіс. Мысалы: елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады және әрқайсының өз киім үлгілері бар. Алайда заң баршасына бірдей. Біз мұсылмандар- итағатшылдықтың (бағынудың) ең көркем көрінісін көрсете білуіміз керек»- деп ұтымды пікір айтты. «Әрбір кәмелетке толмаған жастар- мектеп білімін алуы тиіс. Ал оқу орны- білім беруге міндетті. Алла Тағала ең алғаш Құран аятында: Оқы деп бұйырған. Сондықтан ең әуелі жастар білім алуы шарт. Білімсіздіктің кесірінен қаншама жастарымыз құрдымға кетіп жатыр»- деді. Сонымен қатар, қазақ елі 70 жылдай Ислам діні ләззатын сезіне алмады. Ол дегеніңіз- 3 ұрпақ ауысатындай уақыт. Алайда, егеменді ел болдық, ендеше керегеміз кең болған шақта шүкіршілік етіп, жоғымызға сабырлық танытайық. Ортадан бөлініп, шет жүруге болмайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да мемлекеттен бөлінбейді- деп ел арасында іріткі тудырып жүрген көзі бар көрмейтін, естіп тұрып естімейтін бауырларымызға түсіндірме жұмыстарын жасау керектігін айтты. Ашық есік күні бітерде ауданның құрметті азаматы, батагөй ақсақал Бекахметов Оразқожа жиынға қатысушы үлкен- кіші мешіт жамағаттарына батасын берді.
Аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі