SAM 367

 SAM 367

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылында сәні мен салтанаты жарасқан «Қапланбек» атындағы жаңа мешіт ашылды.
Салтанатты шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, аудан әкімі Бұқарбай Парманов және т.б. жергілікті жұртшылық қатысты.
Салтанатты шара алдымен қасиетті Құран оқумен басталды. Оны Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы – найб мүфти Серікбай қажы Ораз оқып, дұға бағыштады.
Осыдан кейін құттықтау сөз алған ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған мұсылман жамағатын жаңа мешіттің ашылуымен және алдағы кележатқан қасиетті Рамазан шәриф айымен құттытады. «Мешіт – елдің рухани байлығы. Онда жастарымыз діни іліммен қатар, адамгершілікті, парасаттылықты үйренуі ләзім» – деді Бас мүфти. Осыдан кейін мешіттің имамы Ибрагиов Бақтиярға қасиетті Кәләм шарифті сыйға етті.
Мұнымен қатар, Бас мүфти осы мешіттің бой көтеуіне себепкер болған, осы елдің тумасы жеке кәсіпкер Патехин Толқын, Патехин Нұрлан бауырларымызға өз ризашығын білдірді.
Сондай-ақ, ресми шара барысында ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Шоқан жиналған жамағатға бірлік, ынтымақ туралы уағыз айтты.
Ғибадат үйінің сыйымдылығы 700 адамға арналған. Мешіт бүгінгі заман талабына сай етіп жасалған.
Алла құтты, берекелді етсін.

Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары

 

 SAM 367

 SAM 368

 SAM 370

 SAM 371

 SAM 372

 SAM 373

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38