24 мамыр күні «Е.Молдабаев» атындағы мектептің акты залында Арыс қаласындағы мектеп бітірушілерге арналған «Жолың болсын, жас түлек!» атты дәстүрлі рухани кездесу өтті. Кездесуге Арыс қаласындағы 7 мектептің биылғы түлектері қатысты.
Жыл сайын мектеп бітіруші жастарға ақ жол тілеп, бата беру, мазмұны терең кеш өткізу қалыптасқан үрдіске айналған. Арыс қаласы әкімдігінің қолдауымен, Арыс қаласы орталық «Ысқақ»мешітінің ұйытқы болуымен өткізіліп отырған рухани кеште бас имам А.Абдулкамал жас түлектерге ақыл-кеңестерін айтып, ізгі тілектерін білдіріп, дұға етіп, жастарға ақ батасын берді.
Арыс қаласы орталық мешіттің баспасөз қызметі