Бүгін, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Төлеби аудандық «Нұр» мешіті тарапынан ұйымдастырылған «ХХІ – ғасырдың үздік зияткер имамы» атты семинарына қатысты.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар жұмысына ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы Өтпенов қажы, Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық маслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, ҚР дизайнері, қолөнер шеберлері одағының мүшесі Әлмира Анарбекқызы, Иннавциялық лаборатория зертхана меңгерушісі Есенбеков Құрбанәлі Сераліұлы т.б азаматтар қатысып, баяндама жасады.
Аталмыш семинардың ашылуы Құран кәрім тіләует етумен басталып, аудан имамы Самат Анарбаев бастаған ауыл мешіттерінің төрт бағыт бойынша атқарған жұмыстарының бейне ролигі тамашаланды.
Осыдан кейін, сөз алған жуырда ғана аудан әкімі лаузымына тағайындалған Омарбеков Бауыржан Бақытұлы найб мүфти Наурызбай қажы Өтпеновтың жұмысына сәттілік тілеп, діни басқарманың соңғы уақыттардағы жұмыстарына риза екендігін айтып өтті.
Семинар барысында ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы сөз алып, алғашқы ресми іс-сапарын Төлеби ауданынан бастап отырғанын айтып өтті. Сондай-ақ, діни басқарма тарапынан қабылданған төрт құжат негізінде жұмыс жасау қажет екендігін, мешіт қызметкерлерінің әдеп нормаларын сақтап, әрдайым ізденісте һәм заман ағымана ілесіп жүруді, біліктілік пен білімді жетілдіріп отыруды т.б. мәселелеріне тоқталды.
Жалпы, аудандағы мешіттердің тыныс-тіршілігіне қанық болған найб мүфти Наурызбай Тағанұлы өзінің оң бағасын беріп, қолға алынған жұмыстарды дамытып, жетілдіре беруді тапсырды.
ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша баспасөз қызметі