Шардара қаласы №3 мамандырылған мектеп интернатының директоры Гүлия Қасымбекованың ұйымдастыруымен дастархан жайды. «Дұғаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», атты – тақырыпта кездесуге қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров, мектептің директоры Г. Қасымбекова, ұстаздар ұжымы қатысты. Аудан имамы сөз кезегінде имандылық турасында насихат айтып, таяу күнде мектеп қабырғасынан түлеп ұшып шығатын жастарға бүгінгі таңда ел игілігіне қызмет атқарушы Нұр – Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, «Шымкент» «Сарыағаш» медреселерімен таныстырды. Сөз соңында сынып оқушыларына алдағы келе жатқан ҰБТ – дан сүрінбей өтулеріне тілегін білдіріп, ақ жол тілеп батасын берді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.