ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИМАМДАР ФОРУМЫНДА
Қ А Б Ы Л Д А Н Д Ы
ИМАМНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ КЕЛБЕТІ
тәлім
Астана
19-ақпан, 2015 ж.
Имамның тұлғалық келбеті
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән.
Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Имамдық – жауапкершілігі мол маңызды қызмет. Бұл – Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла тарапынан алып келген аманатын келер ұрпаққа жалғастыратын, адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандыққа тыйым салатын ұлы істің бірі. Сол себепті Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті үмбеттердің қайырлысы болды. Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жа- мандықтан тыятын, сондай-ақ, Аллаға сенетін үмбет- тердің қайырлысы болып жіберілдіңдер».1
Имамдық қызмет үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Өйткені, имам қоластындағыларға жауапты әрі олар үшін сұралады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Имам – басшы әрі қоластындағыларға жауапты»,2 – деген. Әрине, мұндай жауапкершілікті атқару үшін, өз болмысымен үлгі-өнеге болатын, дін ісі мен дүниені қатар алып жүруге баулитын көркем мінез-құлық пен ұстаздық қабілет-қасиеттер, белсенділік пен азаматтық сипат- тар имамнан талап етіледі.
Қазіргі қоғамымыздағы діни ахуал жағдайында ішкі тұрақтылықты және рухани тұтастықты сақтауда имам- ның ролі зор. Дертті алдын-ала алып оған қарсы ем қол- данғандай, рухани дерттің емшілері мен қоғам өмірін үйлесімділікке келтіретіндер – имамдар. Бұрыс бағыт- тағы біреудің жетегінде жүрген азаматтарды дұрыс арна- сына салу, ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты, халал мен харамды ажыратып беру имамдардың мойнында. Ендеше, біреуге жол көрсетіп, хақ пен жалғанның аражігін ажыратып беру үшін имамдардың шынайы келбетіне тән сипаттарды атап өтуді жөн көрдік.
Имамның тұлғалық келбетіне тән сипаттар:
-
- Діндарлық; Тақуалық, діндарлық –ең басты нәрсе. Ол – Алла Тағала бұйырған істерді орындап, тыйым салған істерден тыйылу.
Алла Тағала тақуалар жайлы Құран Кәрімде былай дейді :
«Әй, мүміндер! Алладан шынайы қорқыңдар да мұсылман болған күйде ғана жан тапсырыңдар».3
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Алладан шынайы қорқу» дегенді былай баяндады:
«Аллаға бой ұсынып, күнәһәр болмау, шүкір- шілік етіп, қарсы келмеу, үнемі еске алып, ұмытпау».4 Тақуалық имамның киетін киімі тәрізді болу керек. Өйт- кені, ол діннің атынан сөйлейді. Шариғаттан білгенін ай- тып, білмейтінін «білмеймін» деп шектелген жөн. Өйткені, оның әрбір айтқан сөзі атылған оқпен тең, сонымен бірге имамның әрбір іс-әрекетінен адамдар үлгі алатын дәреже- де болу тиіс.
- Шынайылық, адалдық, әділдік; Имамның ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбеті бірдей болып бүкіл ісін адалдық, әділдікпен атқаруы тиіс. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде Алла сендердің дене бітімдеріңе және келбеттеріңе қарамайды, алайда сендердің жүректеріңе және амал- дарыңа қарайды»,5 – деді. Адалдық – ашық, шыншыл қа- рым-қатынас, әділдік – ізгіліктің ірге тасы. Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің соңына дейін әділдікті, адал- дықты насихаттап, басқаларға іс жүзінде үлгі болып өтті. Алла елшісінен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі бол- сын) тәлім-тәрбие, үлгі алған саңлақ сахабалардың өмірі де тұнып тұрған әділдік пен адалдық. Міне, осы секілді әрбір имам өзіне сеніп тапсырылған дүниелерге үлкен жауапкершілікпен қарап, жұмыс орнының мүлкін аманат есебінде біліп, оған қиянат жасамауы, кісі ақысын жемеуі, ысырап етпеуі керек. Өйткені, аманатқа қиянат жасау, кісі ақысын жеу, әділетсіздік жасау, адал болмау – үлкен күнә.
- Білімділік, парасаттылық; Сүннетке сәйкес, ғылым, даналық – мұсылманның іздегені, оны қайдан бол- са да табу қажет.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде:
«Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз»,6 – деген.
Имамдар көпшілікпен араласқан соң көптеген сұрақтарға тап болады. Оған дер кезінде жауап беру үшін білім керек. Сондықтан білім алу аса маңызды. Себебі, білімсіз пәтуа беру өте қауіпті, соңы құрдымға алып ба- рады. Хадисте: «Кім ілімсіз пәтуә берсе, оған Алланың, періштелердің және бүкіл адамның лағынеті болады»7
- деп ескертілген.
4. Сабырлылық – Алланың разылығы үшін бір істі бастағанда, күнәдан тыйылуда табандылық таныту. Алла Тағала Құранда былай деп бұйырады:
«Әй, Мүміндер! (қиыншылыққа) шыдаңдар, (жаумен) табандап күресіңдер, қорғанысқа дай- ын тұрыңдар, мақсаттарыңа жету үшін Алладан қорқыңдар».8 Мұсылман баласының бойында үш түрлі сабырлық болуы қажет. Бірінші – Алла Тағаланың әміріне бойұсынуда керек болған сабырлық. Екінші – күнә істерден тыйылу үшін пайдаланатын сабырлық. Соңғысы
- қиыншылық пен сынақтарға төтеп беру үшін қажетті сабырлық.
Имамдық қызмет оңай шаруа емес. Халыққа бес уақыт намазды өткізіп беру т.б. шариғат бұйырған діни үрдістерді, мойнына жүктелген аманатты орындау нәпсі- ге ауыр келеді. Осылардың барлығына сабырлық пен төзімділік керек.
- Мейірімділік, жұмсақтық; Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Алла Тағала мейірімі болмаған адамға мейірім танытпайды, кешірімділікті ұстанбағанды кешірмейді».9 Жұмсақтық адамның бойында Алла Тағала берген туабітті қасиет. Өйткені, адам баласы әрқашан жұмсақтыққа және жақсы сөздерге жүрегі жібіп тұрады. Әрі жұмсақ мінезді адам мен көркем сөйлейтін кісіні жақсы көріп, соған еліктеуге тырысады. Өздері де сол қасиетті көркемдей түскенде адамдардың арасында да сый құрметке ие болып, бастапқы адами болмысына нәр қосылып, көркем мінезді жандардың санатынан есептеледі. Алла Құранда:
«…Оларға надандар тіл тигізсе де: «Аман болыңдар», – деп дұрыс жауап береді»,10 – деді. Яғни, мүмін кісіге қандай да бір жаман ниетті кәпірлер құй- тырқылап, әдейі тиісіп, тіл қатса, мұсылман адам оларға деген жауабында ашуға берілмей жәй ғана «сендер- ге Алланың есендігі болсын», – деп дұрыс жауап береді. Міне, бұл барша мұсылманның, әсіресе, имамның бойын- да табылуы тиіс болған сипаттар.
- Кішіпейілділік (сыпайылық, қарапайымдылық); Кішіпейілділік – пендеге Раббысы тарапынан берілетін ерекше мінез-құлық. Кішіпейілділік – пайғамбарлар мен күллі мұқаррабиндер, әулиелерден мирас болған көркем қасиет. Кішіпейіл адам – жер бетінде Раббысынан қорқып, одан ұялып, әрдайым өзін көріп тұр деген оймен ұлыққа да, кішікке де бірдей қарым-қатынас жасайтын жан. Алла Тағала былай дейді:
«Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейіл- ділікпен жүреді…».11 Бұл аяттың астарында мүміндерге тән кішіпейілділік жатыр. Пайғамбарымыз (Оған Алла- ның салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім кішіпейілділік көрсетсе, Алла оның мәртебесін өсіреді. Ал, кімде-кім көкірек қақса, Алла Тағала оны мұрнымен жер сүздіреді»,12 – деген. Ал, өркөкіректік – құрдымға алып баратын дерт. Лағынет атқыр шайтанның Алла- ның рахметінен айрылып, қуылуына себеп болған да осы тәкаппарлық, өр көкіректік. Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың».13
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі бол- сын): «Кімнің жүрегінде шаң тозаңындай тәкаппарлық болса жәннатқа кірмейді»,14 – деген.
- Отансүйгіштік; «Отанды сүю – иманнан», – де- ген қанатты сөз бар. Отанға деген ыстық сезім, ықылас
- жалпы адамзаттық адамгершілік қасиет, адамдар ара- сында қалыптасқан табиғи сипат. Жалпы отаншылдық, патриотизм – асыл дініміздің ұстанымымен тығыз ұштасып жатқан ұғымдар. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің туған шаһары Мекке қаласына айрықша ықыласпен қараған. Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеге қарап тұрып:
«Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де тұрғындарың сенен шығармағанда, сенен басқа жерде тұрақтамас едім»,15 – деген .
Отанды қорғау – қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты баянды ету, бүгінгі ұрпақтың, мұсылман қазақ баласының азаматтық әрі діни міндеті.
- Шешендік; Адамдардың жүрегін баурап, оларды дінге шақыру үшін имамға шешендік өнер қажет. Өйткені, шешендік сөз жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбын- ды ұран болар еді. Жаратушы Иеміз мүбәрак Құранда:
«…Оларға үгіт бер де, оларға әсерлі сөз сөйле»,16
– деп бұйырған. Имамның уағызы ұйқы шақырмауы тиіс. Бір сарында сөйлеу осыған жетелейді. Сөзді анық әрі нық жеткізу, маңызды сөздерге басымдық беру, болған жағдайды көтеріңкі дауыспен баяндау, «яғни», «мысалы»,
«сосын» «жаңағы» деген сөздерді жиі айтудан сақтану, аудиторияға немқұрайлы қарамау, қолмен көркем түрде ишара жасау, тыңдаушының жас-ерекшелігін һәм жағдай- ын ескеру, т.с.с. – шешенге қойылар талаптардың бір пара- сы.
- Сыртқы келбетінің ұқыптылығы; Амру бин Шуғайбтан келген хадисте:
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла берген нығметін құлының бойынан көргісі келеді»,17 – деген. Бір күні Әбу Ханифа үсті-басы алқам-салқам біреуді көреді. Оның қолына мың дирхам ақша беріп тұрып: «Үсті-басыңды дұрыста, жөні түзу киім ал», – деп құлағына сыбырлайды. Бірақ, әлгі адам: «Маған бұл ақшаның қажеті жоқ, мен онсыз да баймын», – деп ақшаны алмай қояды. Сонда Әбу Ханифа: «Сен Пайғамба- рымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Алла берген нығметін құлының бойынан көргісі келеді»,
– дегенін естімеп пе едің?» деп таза, жинақы киініп, халыққа үлгі болардай мұсылман болуға насихаттаған.
Имамдар сыртқы келбетінің ұқыптылығына мән беру- де Әбу Ханифадан үлгі алса болады. Әбу Ханифа сапалы матадан тігілген киім киетін. Әрдайым әтір қолданатын. Ол достарының да жақсы киінгенін қалайтын. Адамның өңін ашатын сапалы сәнді киім таңдауына көмектесетін. Намаз оқитын кезде Алланың құзырында тұрғанын терең сезініп, әрдайым ең әдемі киімдерін киіп, жұпар аңқыған иіссу себетін.
- Жан-жақтылық; «Жігітке жеті өнер аз» дегендей, имам-молдалардың тек діни біліммен шектелмей, заманауи тех- нологияны меңгеріп, жан-жақты біліммен қарулануы – уақыт талабы. Анастан жеткен хабарда Пайғабарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Сендердің жақсы- ларың дүниесін ақыретке, ақыретін дүниеге тастап қойған- дарың емес, бәлкім екі дүниенің арбасын бірдей ұстағанда- рың. Шын мәнінде, дүние ақыретке жетелейді». 18 Имамдық қызметтің негізгі қағидаттары:
- Жеке тұлғалық қасиеттерімен жамағатқа, қоғамға үлгі болу. Имамдар жамағатқа, қоғамға үлгі болу үшін Пайғамбарымыз-
дан (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнеге алу керек. Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Расында, сендер үшін Алланың Елшісінде көр- кем өнегелер бар»19.
-
- Ислам негіздері мен парыздарын тұрақты түрде түсіндіріп отыру. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салау- аты мен сәлемі болсын): «Менен бір аят болсада жет- кізіңдер»,20 – деді. Тағы бір хадисте: «Менің сөзімді естіп, көңіліне түйіп және оны дәл ме дәл естігендей жеткізген адамды Алла жүзін жарық етсін», 21 – дей- ді. Сондықтан имамдар Құран мен сүннетті сахабалар, табиғиндер түсіндіргеніндей халыққа тұрақты жеткізіп отыру керек. Сонда көптеген алаңдатушылық, өз бетімен Құран мен сүннетті түсінемін
деушілікке тосқауыл қойылады.
-
- Дін қағидаларын жеңілдетіп түсіндіру. Айша анамыз былай дейді: «Пайғамбарымыз (Оған Алла- ның салауаты мен сәлемі болсын) екі нәрсенің біреуін таңдар болса, сөзсіз күнә болмаған жағдайда жеңілін таңдайтын еді. Ал, егер күнә болса, адамдардың ара- сындағы одан ең аулағы болатын…».22
- Ескерту, қорқыту емес, жұбату, қуандыру мәнерін ұстану. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Жеңілдетіңдер ауырлат- паңдар, сүйіншілеңдер қорқытпаңдар». 23
- «Айыптау емес, тәрбиелеу» қағидатын ұстану.
- Діннің формалық жағымен қатар, мазмұндық жағын да терең түсіндіру, исламдағы көркем мінез-құлық пен рухани құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды жете насихаттау.
Уағыздардың сипаты:
Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр».24
Уағыз айту – адамдарға дінді жеткізудің бір жолы. Уағызды көпшілікке жеткізу үшін имамның айтатын наси- хаты жан-жақты, тақырыптан ауытқымай әрі терең мазмұн- дылықпен, арасында шешендік өнерді қосып түсінікті етіп айту шарт. Имам уағызында мыналарды қолдану керек:
-
- Уағыздың тақырыбы адамдардың жағдайына қа- рап айтылу.
- Уағыздың кіріспесі ретінде жалпы мазмұндағы ғи- братты мысал келтіріп, соның негізінде уағызды бастау.
- Құран мен сүннеттен дәйек сөздер келтіріп, оған Пайғамбарымыздың және сахабалардың іс-әрекеттерін қоса айту. Өйткені амалдарын атап өту Құран мен сүннет- тің мағынасын қолға ұстатып көрсеткенмен тең.
- Құран мен Сүннетте келген қиссаларды және мысалдарды келтіру. Уағыз тақырыбын ғибратты уақиғалармен, салт- дәстүр қағидаларымен, шешендік сөздермен, нақылдар- мен қуаттау.
- Уағыз ашық әрі түсінікті болу. Өйткені, тыңдап отырғандардың дәрежесі бір емес, бірі түсінсе, екіншісі түсінбей қалуы мүмкін. Егер түсінікті әрі жалпақ тілмен қысқа нұсқа айтылса, барлығына пайдалы болады.
- Уағыз айтқанда жамағатты жалықтырмау.
- Байыппен сөйлеу және дауыс көтермеу.
- Имамның жамағат алдындағы беделін қалып- тастыратын және қоғамдық санаға ықпал ететін басты құралы – уағыз-насихаттар болғандықтан, оларға үлкен жауапкершілікпен қарап, оларға қатысты жеке мәтіндерді алдын ала реттеп, оны жан-жақты мәліметтермен толықтырып, мұқият дайындалу керек.
- Уағыз айту барысында параққа ұдайы үңіліп, жамағатпен байланысты үзіп алмау.
- Соңынан ойын түйіндеп, қорытындылау.
Алланың қалауымен адам өзін жан-жақты дамытуға қабілеті жетеді. Бастысы, шынайы ықылас керек. Өзгені өзгерткіміз келсе, ең әуелі өзімізден бастайық. Құдайдың Құрандағы әмірі де осы: «Расында бір қауым өзін- өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді».25 Егер әр- бір имам жоғарыдағы аталған сипаттарды бойына сіңіріп, оларға қойылған талаптарды және уағыз айту үлгісін жоға- ры дәрежеде орындаса, имамдардың жеке тұлғасының өне- гесі және жоғары деңгейдегі уағыздары арқылы мұсылман қауымы мен ҚМДБ-ның беделі артады. Сондай-ақ, мұсыл- ман үмбетінің сауаттылығын арттыруға, жан-жақты тұлға әрі отаншыл азамат болып қалыптасуына, дінаралық бірлік пен татулыққа ықпал ету арқылы мемлекет іргесінің бүтіндігіне қызмет етуге үлес қосады. Сонымен қоса өзіне жүктелген аманатты адал орындағаны үшін қияметте сауапқа кенеледі.