ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИМАМДАР ФОРУМЫНДА

Қ А Б Ы Л Д А Н Д Ы

МҰСЫЛМАННЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ

тәлім

Астана

19-ақпан, 2015 ж.

Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі.

Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзат- тың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Қазіргі таңда тұрғындардың, әсіресе жастардың ара- сында исламға деген қызуғышылық артуда. Бұл – қуан- тарлық жайт. Алайда, кейбір мұсылмандар бір ісін ұқып- тылықпен атқарса, екіншісіне немқұрайлық танытуда.

Шынайы мұсылманның өмірі мен мінез-құлқы үй- лесімділікке толы, имандылыққа, адамгершіліктің биік шыңына негізделеді. Қоғамымызда соған себеп болатын мұсылманның сапасын арттыратын әрі дұрыс жолмен жүруге бағыт-бағдар беретін, шынайы мүміннің келбетін бейнелейтін көптеген сипаттар бар.

Атап айтатын болсақ, шынайы мұсылман – дін та- лаптарына бекем, жүрегі таза, рухани асқақ, биік тұлға. Ол өзінің дініне деген ыждағаттылық білдіруімен, ықы- ласымен, ыстық махаббатымен ерекшеленеді. Бүгінгі қа- зақстандық мұсылмандар осы сипаттармен қатар шынайы мұсылманның төмендегі сипаттарын да үлгі ретінде ұста- нуы абзал болмақ.

  1. Дұрыс сенімде болу. Мұсылманның негізгі сенімі

– Алланың бар және бір екендігіне, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Алла тарапынан екеніне илану. Алла барлық кемшіліктерден, жаратылыстың си- паттарынан пәк. Алла Тағала естуші, көруші, құдіретті, мұңсыз, білуші, әуелден бар болған, мәңгі, затында, ісінде, сипатында серігі жоқ, ешбір жаратылғандарға ұқсамайды деген сенімде болуы қажет.

  1. Білім алу. Сүннетке сәйкес, ғылым, даналық – мұсылманның жоғалтқаны, оны қайдан болса да табу қа- жет. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз»,1 – деген. Бұл хадис шариғи һәм зай- ырлы білім алуды әрбір ер мен әйелге бірдей парыз екенін білдіреді. Сол үшін де шынайы мұсылман өмірінде діни білімнің де, зайырлы білімнің де алатын орны ерекше. Тек діни білім алу парыз, ал зайырлы білім маңызды емес деген қате түсінік. Себебі, бізден бұрын өткен мұсылман ғалымдары білімнің алуан түрлі салаларын меңгерген. Қазіргі таңда озық мұсылманға діни білім мен зайырлы білімді ұштастырса, алынбайтын қамал, бағындырмайтын белес жоқ және адал жолмен ризығын табуына, ғибадаты- ның кемшіліксіз орындалуына жол ашады.
  2. Отансүйгіштік. «Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөз бар. Дінімізде отаншылдық шынайы мұсыл- манға тән қасиет. Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де тұрғындарың сенен шығармағанда, сенен басқа жер- де тұрақтамас едім», – деп, Мекке қаласына айрықша ықыласпен қараған.

Мұсылманның тұрғылықты жерінде шекарасы белгілі, сыртқы жаудан аман, мал-мүлік, ар-намыс пен ар-ождан бостандығы қамтамасыз етілген ел оның отаны болып саналады. Мұндай жерде тұрып жатқан мұсылман баласына сыртқы және ішкі жаулардан отанын қорғау парыз болып табылады. Алла жолында, Отан үшін соғыста жүріп дүниеден өткен адамды шаһид деп атайды. Алла- ның Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Мынадай екі көзді тозақ оты күйдірмейді: Алладан қорқыныштан жылаған көз бен Алла жолында елін кү- зеткен көз»,2 – деген.

  1. Заңға бағыну, басшыға бойұсыну. Алла Тағала Құранда былай дейді:

«Әй, мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар».3

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадис шәріпте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі бол- сын): «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбапты. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны»,4 – дейді. Шынайы мұсылман басшыға бойұсынып, оларға қарсы шықпайды. Мұсылмандардың арасында келіспеушіліктер пайда бо- луы мүмкін, алайда олар елдің ауызбіршілігін, жұрттың тыныштығының бұзылуына соқтырмауы тиіс.

Мұсылман үмбетінің үлгі тұтарлық сахабалар ел би- леген басшыларына қалтқысыз бойұсынған. Олар ел ішін- де болған бүліктерге ермей, ел басшысы халифаға қолдау көрсеткен. Осындай тас болаттай түйінделген ауыз- біршіліктің арқасында мұсылмандар ғасырлар бойы билік құрған. Ал, басшыға бағынып жұмыла жұдырық болудың нәтижесінде ғылым мен өнер дамып, дүниелік саланың барлығы өркендеді. Сондықтан басшыға бағыну керек- тігін әрбір шынайы мұсылман есте сақтауы ләзім.

  1. Дінаралық татулықты сақтау. Ислам діні күллі адамзатты түрі мен түсіне, тегі мен нәсіліне, ұлттарға, діні мен діліне бөліп қарастырмай, керісінше, елді ынтымақ пен бірлікке, бейбітшілік пен келісімге, өзара төзімділік пен бір ымыраға келуге шақырады. Алла Тағала «Әнбия» сүресінің 107-аятында:

«Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік»,

–деп, мұсылман болсын, мейлі христиан болсын, мейлі яһуди болсын ешкімді бөліп жармастан бүтіндей адамзатқа мейіріммен жіберілген елші екендігін баяндаған. Пайғам- барымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде: «Нағыз мұсылман – өзге адамдар оның тілі мен қолынан зиян көрмеген адам»,5 – деп айтқан. Яғни, шынайы мұсылман қоғамдағы өзге адамдарға зиян тигіз- бей, мемлекеттің тыныштығын басты назарда ұстайтын адам.

  1. Қоғамға пайдалы болу. Шынайы мұсылман өзі өмір сүріп жатқан ортасына әрдайым пайдалы болуға тыр- ысады. Қоғамда ынтымақ, бірлікті күшейтуге қатты көңіл бөледі. Қолынан келгенше жәрдем көрсетуге тырысады. Мысалы, қарызға, шығынға батып, тығырыққа тірелгенге, жақын-жуығына көмектеседі. Көршісімен жақсы мәміледе болып, көмек керек болса қол ұшын береді, қиыншылыққа тап болса жәрдемдесіп тұрады. Асыл дініміз ынтымақ-бір- лігі жарасқан имани қоғам құруға шақырады. Адамдарды бір-біріне жәрдемдесуге үндейді. Алла Тағала былай дейді:

«Бір-біріңе жақсылық пен тақуалықта жәрдем беріңдер!».6

Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Алла үшін адамдардың ең сүйіктісі – адамдарға пайдалы болғаны…».7

  1. Еңбекқорлық. Асыл дініміз иманды жанды адал еңбек етуге үндейді. Адал еңбекпен несібесін айыру – пайғамбарлардың дағдысы. Әрбір пайғамбар өз еңбегімен табыс тауып, күнелткен. Миқдад ибн Мағди Якрабтан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (Оған Алланың салау- аты мен сәлемі болсын): «Ешбір адам өз қол еңбегімен тапқан тағамынан тәуір тамақ жемеген. Расында, Алланың пайғамбары Дәуіт (а.с.) те қол еңбегімен та- мақ тауып жеген», – дейді.8

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Кәсіптің ең қайырлысы – ықыласпен еңбек еткен жұмысшының қол еңбегі», – деген.9

Ислам діні адал кәсіп етуді уағыздайды. Риуаяттарға зер салған адамдар бүкіл пайғамбарлардың адал кәсіп ет- кенін, бұл өмірдегі ғылыми жетістіктер мен өркениеттің көш басында тұрғанын аңғарады. Мәселен, Адам (а.с.) диқаншылықты, Нұх (а.с.) кеме жасауды, Ыдырыс (а.с.) тігіншілікті, Мұса (а.с.) шопандықты, Дәуіт (а.с.) темір ұсталығын, Зәкәрия (а.с.) ағаш ұсталығын үйретті. Сон- дықтан адам баласы ризығын табу үшін жұмыс істеуі керек, ал жұмысына лайықты болу белгілі бір білімнің игерілуін талап етеді.

  1. Ысырапқа жол бермеу және сараңдықтан бойды аулақ ұстау.

Мал-мүлікті жұмсауда ысырап етпей, орта жолды ұстану. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

«…Жеңдер-ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді».10 Қанша бай болса да адам баласы қолындағы дүниесіне бекем болып, ысырапқа жол бермеуі тиіс және дүние жұмсауда жанұя- сының да ризығын кемітпеу керек. Адам бала-шағасына қарамай дүниесін оңды-солды басқа нәрсеге шаша бер- се, отбасы кедейлікке ұшырайды. Ең жақсысы – туралық, әділдік. Отбасылық жағдайда болсын, қоғамдық ортада болсын, кез келген жағдайда туралық, әділдік жасау керек. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі бол- сын): «Беруші қол алушы қолдан жақсы. Беретін бол- саң, алдымен отбасыңнан баста. Садақаның ең абзалы

– дәулеттінің жомарттықпен бергені» , – деген.11

  1. Көркем мінез-құлық. Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделгендіктен әрдайым тазалық пен пәктікті насихаттайды. Алла Тағала:

«Расында, сен ұлы ахлаққа иесің» («Қалам» 4-аят),

  • деп, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінезі ұлы, кемел екенін баяндаған. Нағыз мұсылман Қиямет күні амалдарының ішіндегі көркем мінезі таразыда ауыр салмақ басатынын бір сәт ұмыт- пайды. Оның мінез-құлқы шыншылдық, аманат, туралық, уәдесіне берік болу, тіліне ие болу, ойының таза болуы, кешірімділік, кішіпейілділік, жомарттық, сабырлық, қарапайымдылық, бауырмалдылық, бірлік сияқты т.б. көптеген мақтаулы сипаттармен танылады. Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дей- ді: «Мүміндерден иманы ең кәмілі – мінез-құлқы жақсы болғандары. Ал, сендердің ең жақсыларың – әйелімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың».12 Сондай-ақ, басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, мүміндердің ішінде иманы ең кәмілі – мінез-құлқы жақсы әрі от- басына мейірімді болғаны»,13 – дейді. Әдептіліктің қайнар көзі мен негізгі қағидаларын Ислам дінінен іздеген дұрыс. Ислам көркем мінез бен әдепке негізделгендіктен әрдайым тазалық пен пәктікті насихаттайды. Бұл дініміздің негізгі қағидаларынан айқын көрінеді. Исламдағы барлық ғиба- дат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады.
  1. Кішіпейіл болу. Кішіпейілділік – пендеге Раббысы тарапынан берілетін ерекше мінез-құлық. Кішіпейілділік

– пайғамбарлар мен күллі мұқаррабиндер, әулиелерден мирас болған көркем қасиет. Кішіпейіл адам – жер бетінде Раббысынан қорқып, одан ұялып, әрдайым өзін көріп тұр деген оймен ұлыққа да, кішікке де бірдей қарым-қатынас жасайтын жан. Алла Тағала былай дейді:

«Рахманның құлдары жер бетінде сыпайы түрде жүреді…».14 Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім кішіпейілділік көрсетсе, Алла оның мәртебесін өсіреді. Ал, кімде-кім көкірек қақ- са, Алла Тағала оны мұрнымен жер сүздіреді»,15 – деген. Бұл аяттың астары мен хадисте мүміндерге тән кішіпейілділік жатыр әрі өркөкіректіктен алшақтауды тиіс етіп тұр. Бұл тәкаппарлық ақыры жақсылыққа апармайтын жүрек дерттерінің бірі. Себебі, Алла Тағала Құранда:

«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме! Өйткені, сен ешқашан жерді тесіп кете алмайсың және таулар- дан биік бола алмайсың. Бұлардың барлығы Раббыңның құзырында жеккөрінішті жаман қылықтар санала- ды» ,16 – деп, бұл мінезді жақсы көрмейтіндігін білдірсе, Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі бол- сын): «Кімде-кімнің жүрегінде тозаңдай өркөкіректік болса, ол кісі жұмаққа кірмейді»,17 – деп, тәкаппарлық – дінімізде кісіні тозаққа лайық ететін қатерлі рухани ауру екенін баяндап берді.

  1. Бауырмалдық. Мұсылман сипаттарының тағы бірі – бауырмалдық. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Сендердің ешбірің өзіне қалағанын дін бауырына да қаламайынша, толық иман келтірген болмайды». Бауырмалдық – бұл адамдар арасындағы шынайы қасиет. Әсіресе, мұсылман бауырың үшін барыңды салып қолдау көрсету – қайырлы істің абзалы. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылман – мұсылманның айна- сы, мұсылман – мұсылманның бауыры, оны құрдымға ұшырап кетуден тыйып отырады әрі артынан (шамасы келгенше) қорғаштап жүреді»,18 – деп, бауырмалдықтың туыс адамдарға ғана емес, бүкіл қоғамға бағытталатынын атап өтті. Ендеше, қоғамда өзіңе де өзгеге де зиян келтірмеу әрі бауырыңның қатесін түзету – бұл бауырмашылдықтың бір жемісі.
  2. Сәлемдесу. Бір мұсылманның екінші мұсылман- мен кездесе қалғанда, онымен амандасуы екеуінің арасына бауырмалдық, мейірімділік пен адамгершілікті ұялатады. Құранда Алла Тағала:

«Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар!»19– деп бұйырған. Осы аяттан амандасудың қаншалықты маңызды екендігін түсінуге болады.

«әс-Сәләм» – Алла Тағаланың есімдерінің бірі. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі бол- сын) өзінің мүбәрак хадисінде былай дейді: «Расында

«әс-Сәләм» Алла Тағала есімдерінің бірі. Алла оны жер бетіне орнатты. Сондықтан оны өз араларыңда жай- ыңдар (таратыңдар)».20 Мұсылмандардың сәлемі бір-бірі- не: «Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ», яғни «Алланың сендерге сәлемі (есендігі, тыныштығы), рахметі, берекесі болсын» деп айту. Демек, сәлемдесу – мұсылмандардың ұраны және олардың рухани байлығы- ның таптырмас бір бөлшегі. Осы арқылы адамдар бір-бірі- не деген ме- йірімділік пен сүйіспеншілікті арттырады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Сәлем беру – сүннет, ал жауап қайтару – уәжіп». Өйткені, сәлемге жауап қайтармау оны кемсіткенмен тең. Біреуді кемсіту оған зиян беру дегені. Ал, шариғатымыз біреуге зиян беруден тыйған. Сонымен, сәлем берумен қатар, оған жақсы жауап қайтаруымыз да міндет екен.

  1. Сыртқы келбеті мен тазалығына мән беру. Амру бин Шуғайбтан келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, Алла Тағала нығметінің әсері пенденің үстінен көрінуін жақсы көреді»,21– деген. Және бір хадисте: «Тазалық – иманның жартысы»,– деген. Демек, мұсылман жүдеу-жадау киінбей, тазалыққа мән беріп, өзгеге үлгі болатын- дай өз дәулетіне лайықты сәнді әрі ұқыпты киіну керек.
  2. Ата-анаға бойұсыну және жақсылық жасау. Ата-анаға бойұсыну, кішіпейіл болу, жақсылық жасау, дауыс көтермей жақсы сөз сөйлеу, разылығын табу – бұл барша мұсылманның міндеті. Алла Тағала былай дейді:

«Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауды әмір етті. Ал, егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе, «Түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп, мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!», – де».22

Абдулла ибн Амрден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Алланың разылығы әке-шешенің разылығында, алқаһары әке-шешенің ашуында».23

Тіпті, ата-ананың борышын Алла жолында күресу және сүннет амалдарынан бұрын орындау перзенттерге міндетті болады. Жаһама (р.а.) Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Мен жорыққа аттануды қалаған едім, сізбен ақылдасайын деп тұрмын», – дедім. Ол (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сенің анаң бар ма?» – деп сұрады. Мен: «Ия, бар», – дедім. Онда бар да оның қасында бол (оған қы- змет ет), өйткені жәннат оның аяғының астында», – деп айтты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Абдулла бин Амрдан (р.а.) келген хадисте ол былай дейді: «Бір адам Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Жиһадқа рұқсат беріңіз?» – деді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ата-анаң тірі ме?» – деп сұрағанда, ол: «Тірі» деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда сол екеуіне жиһад қыл (қызмет ет)»,24 – деген.

  1. Отбасына қамқорлық жасау. Ата-анасын, әйел, бала-шағасын және туыстарын нәпақамен қамта- масыз ету отағасының міндеті болып табылады. Әрбір мұсылман азамат оған селқо с қарамай, мойнына жүктелген борышын орындауы тиіс. Ибн Омардан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Барлығың да бақташы секілдісің- дер және барлықтарың қоластыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы – бақташы. Ер адам – отбасының бақташысы. Әйел – ерінің шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар»,25 – деген. Отбасына қамқорлық тек нәпақа тауып берумен шектелмейді, жанұясында адамгершілік, мейірімділік, сыйластық қарым-қатынастың орнығуына ықпал ету үшін, балаларына жақсы тәрбие мен білім берілуіне жағдай жасау да шынайы мұсылманның міндетіне кіреді.

Шынайы мұсылманның келбетін бейнелейтін сипат- тың түрлері көп. Негізгі сипаттары ретінде бірнешеуіне тоқталып өттік. Жоғарыда келтірілген Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының өмірі үлгі болып, әркім өзінің өмірі туралы ой толғап, Алла Тағала Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйікті үмбеті болуға, оның шапағатына лайықты болып, мұсылмандық қасиеттеріміз- бен жұмақ төріне өрлей беруімізді жазсын!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38