IMG 433

IMG 433

Мұсылман жұртшылығы, 30 күн ораза ұстап, тарауих намазын оқып, қасиетті Рамазан айы да аяқталып, артынша Айт мерекесі келгенде дүние мен ақыреттің ғажап құндылықтарын сезініп, ерекше қуанышқа кенеледі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде, жергілікті халықтың мейрамдап көңіл көтеріп жатқанын көріп: «Бұл қандай мереке?», – деп сұрағанда, олардан: «Бұл біздің Исламға дейін тойлап келе жатқан мерекелеріміз,» – деген жауап естіді. Сонда Расулалла (с.ғ.с..): «Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары», – деп осы ислами мейрамдардың мәртебелі екендігін білдірген. Өкіл имамның тапсырмасына орай ораза айт мерекесі, 2018 жылдың 15-шы маусым күні Арыс қаласында, орталық «Ысқақ» мешіттің ауласында мерекелік іс – шара аталып өтті. Ораза айт мерекеге жиналған көпшіліктің көңілі көтеріңкі, намазхан жамағаттар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Нақтырақ айтсақ, арқан тартыс, қол күрес, кір тасын көтеру ойындары өтті. Мерекелік шараны орталық мешіттің найб имамы П.Исбасханов жиналған жамағатты Ораза айт меркекесімен құттықтап спорттық шараға келген палуандарға сәттілік теліді.
Мерекелік жиында сонымен қатар, орталық мешітте, айттық дастархан жайылып, келген қонақтарға ақ дастарханнан дәм татқызды. спортттық ойын, жарыстардың жеңімпаздарына орталық мешіттің найб имамы П.Исбасханов сыйлықтар табыс етті.
Осы спорттық шара Игібай спорттық кешенінде және стадион спорттық кешенінде айт мерекесінің құрметіне кіші фудболдан жарыс жалғасын тапты.

Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 433

IMG 433

IMG 433

IMG 433

IMG 433

IMG 433

IMG 433

IMG 433

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38