Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Байғұт баба» мешітінің Зекет қорының ұйымдастыруыменен, Оразаның соңғы күндері 135 адамға қайырымдылық жасалып, азық-түлікпен көмек көрсетілді. Берілген көмекті атап өтсек, әр отбасыға 50 к ұннан бастап, толық ұзаққа жететін азық-түліктермен қамтамассыз етілді. Мешітке түскен зекет малынан үлестірілген бұл игі іс-шараға жалпы біржарым милиондай қаражат жұмсалды. Көмек алған азаматтар мен азаматшалар өз алғыстарын айтып көтеріңкі көңіл күйде тарасты.
«Байғұт баба» мешітінің баспасөз қызметі