Әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі және асыраушысы жоқ жандардың аз да болса көңілін көтеріп, оларға көмек қолын созу мақсатында қасиетті рамазан айының соңғы күні Шымкент қаласы, Абай ауданы «Айтбай ата» мешітінің ұйымдастыруыменен «Қайырымдылық жасасаң – қайырымын өзің көресің» атты қайырымдылық шарасы өтті. Жалпы жағдайы төмен 50 отбасыға көмек берілді. Берілген заттарды айта кетсек, 1 қап ұн, 5 л май, күріш, макарон, ұсақ-түйек азық-түліктер, асханаға керекті ыдысаяқтар және орта көлемдегі кілем төсеніштер болды. Осындай сауапты да, қадірлі іске демеушілік еткен Саухан Жүсіпбеков ағамызға Алла разы болсын. Алла Тағалам ол кісіге екі дүниенің жақсылығын берсін. Және де өте жоғары деңгейде ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне де Аллам сауаптан жазсын.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі