IMG 312

IMG 312

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешіті қасиетті Қадір түнін ерекше дайындықпен атап өтті. Өйткені бұл – күллі мұсылман қауымының асыға күткен ұлық түні. Бір қуантатыны – ақшам намазы кірісімен ауыз ашар дастарханына қатысып, Қадір түнін мешітте өткізу үшін Алла үйіне жиылған жамағаттың қарасы көп болды.400 адамға ауызашар беріліп, Қадір түнін мешітте құлшылық жасап өткізген барлық жамағатқа сәресі асы да толығымен ұйымдастырылды.Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров ауызашарға жиналған көпшілікті Рамазан айындағы ең ерекше түн – Қадір түнімен құттықтап, айтулы түннің қадір-қасиеттерін атап көрсетті.
«Қадыр түні – бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған қасиетті түн. Бұл туралы Алла Тағала «Қадыр» сүресінде «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Алланың рұқсатымен кез келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. Таң атқанға дейін Алланның рақымы мен есендігі жауады», – деп баяндайды, – дей келе, Қадір түнін құлшылықпен өткізуге шақырды.Сондай – ақ берекелі дастархан басында жиылған өңіріміздің игі жақсылары да кезекпен сөз алып, барша мұсылман қауымды қасиетті Қадір түнінде жасаған дұға-тілектердің, ұстаған оразалардың қабыл болуын тіледі. Бұл жасалған игі ісі үшін ел азаматтарына ризашылықтарын білдіріп, асыл дініміздің қанат жайып, өрлеуіне үлес қосатын азаматтардың көп болуын тіледі.«Шардара» орталық мешітінде қасиетті Қадір түні Құран хатым аяқталды. Аудан имамы А. Данияров хатым Құран дұғасын жасап, Рамазан айы бойы тарауық намазын өткізіп, көршілес Қырғыстан елінен келген Марипов Аятулла қариға алғыс білдіріп өз ризашылығын білдірді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG 311

IMG 312

IMG 313

IMG 314

IMG 315

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38