Шымкент қаласы, «Нұрсәт» мөлтекауданында орналасқан облыстық қан орталығында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Бауырыңа өмір сыйла» атты тегін қан тапсыру республикалық қайырымдылық шарасы өтті.
Шараға облыс имамы А.Керімбек бастаған қала, аудан имамдары мен медресе ұстаздары, жастар ісі бөлімінің өкілдері, қажылар, т.б. ерікті азаматтар қатысты.
Қан тапсыру – шариғат үкімі бойынша Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннет амалы болып саналады. Мұсылманның өз бауырына жәрдем етуіндегі ең жақсы амалдардың бірі – қан тапсыру. Бұл сондай-ақ, адам денсаулығы үшін де аса маңызды амал болып табылады. Хадисте: «Емделудің үш түрі бар: әселмен (бал), қан алдыру, отпен күйдіру», – делінген.
Жыл сайын өтетін бұл дәстүрлі үрдіс бойынша биылғы жылы Діни басқармаға қарасты өңіріміздегі мешіттердің 256 дін қызметкерлері қайырымдылық негізінде қан тапсырды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі