Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық топ мүшелері халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ақпараттық топ мүшесі Қ. Ілесов елімізде сот тарапынан тыйым салынған діни ағымдар жайлы айта келе, ислам дінін түрлі саяси мақсатқа пайдаланғысы келетіндерге жол бермеу керектігіне тоқталса, аудан имамы А. Данияров бүгінгідей ақпараттар ағыны мен технологияның дамыған дәуірінде имамдарға зор жауапкершілік артылып отырғанын, дәстүрлі жолымыз Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Кездесу соңында халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.