IMG 795

 IMG 795

Созақ ауданы Балдысу елді мекенінде жаңа мешіт құрылысының қазығы қағылды. Балдысу елді мекенінің халқына мешіттің жоқтығына байланысты жергілікті кәсіпкер азаматтардың қолдауымен мешіт ғымаратының қазығы қағылды. Аталмыш іс-шараны Дуанаев Еркін қажы ашып, жүргізіп отырды. Аталмыш іс-шара екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі жаңа мешіт қазығы қағылу болса, екінші кезеңі ҰОС ардагерлерін еске алып Құран бағыштау болды. Мешіт құрылысын қолға алған Әметжанов Бәйкен. Құжаттарын рәсімдеген Қалманбаев Дәукен Аталған іс-шараға ел ағалары келіп игі бастамаға серпу беріп, өз қолдауларын көрсетті. Атап айтсақ ел тумасының бірі Сарыбаев Қазбек өз әулетінен изгі ниетін білдірді. Бұл жаңа ғимаратта иамам, найб имам, жиналыс бөлмелерімен қатар күзет, Құран оқитын бөлмелер салынбақ. Мешіттің жертөле залыда қарастырылған. Жертөлесінде орналасқан бөлмелердің баршасы кеңейтіліп намаз жайы болады деп жоспарлануда. Аудан бас имамы Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлы жиналған халыққа мешітті салудың қандай сауапты іс екендігін, сондай-ақ садақа берудің артықшылығы мен діни қызметтің маңыздылығын жіті түсіндіріп, ОҚО өкіл имамының облыс бойынша көтеріп жатқан ысырапшылдық үдеуін де насихаттады. Жиналған халыққа ас берілді. Ас үстінде Таукент имамы Мырзабек Нұрғиса Қойшыбайұлы уағыз айтты. Шара соңында ҰОС ардагерлерін еске алып, Құран бағышталып ауыл ақсақалдары баталарын берді.

 IMG 794

IMG 795

IMG 796

IMG 797

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38