Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің мәжіліс залында Қасиетті Рамазан айына байланысты жиналыс болып өтті. Жиналысты ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов ашып, жүргізіп отырды. Бас қосуға аудандық «Нұғман» мешітінің найб имамдары мен ұстаздары, қала, ауыл имам- молдаларымен қоса 70 адам қатысты. Әуелі, Рамазан айындағы атқарылатын іс- шаралар (соның ішінде: баннерлер мен бильбордтар ілу және БАҚ беттеріне мақала жариялау, ауданның құрметті азаматтарына құттықтау хаттар жолдау, Рамазан кестелерінің жасалынып халыққа таратылуы, мешіттерде ауызашарлар ұйымдастыру және Қадір кешіне орай іс- шаралар атқару, қайырымдылық істері т.б) жайында атап өтіп, нақтылы тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Жаназа рәсімдерін бірізділікке бағыттау бойынша жерлеу рәсімдері мен ас беру мәселелерін ҚМДБ пәтуасына сай атқарылуын, мешіт ғимаратын салу мен құжаттандыру бойынша алдын- ала айтып, қадағалауды мешіт имамдарына ескертті. Қасиетті айда мешіт тазалығына жіті мән беріп, мешітке келген қонақтарға әдептілікпен жол көрсетуді, жалпы ОҚО өкілдігі тарапынан келген тапсырмаларға ден қойып, мүлтіксіз жоғары деңгейде орындалуын тапсырды.
Жиналыс соңында нақтылы шешімдер қабылданып, хаттама толтырылды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі