Сайрам ауданы Жібек жолы ауылында кеңес үкіметі кезінде салынған кателнийді мешіт есебінде пайдаланған болатын. Өткен жылы ол мешітті түбімен бұзып тастап, кәзіргі заман талабына сай ретінде үш жұз орындық зәулім мешіт бой көтерді. Мешіт екі қабаттан тұрады. Мешіттің мұнарасы, күмбезі күйген қыш пен қапталып орта азия үлгісінде істелінді. Ғимараттың ішіне аспа шамшырақтар асылып, қабырғаларға аят хадистер жазылып, шығыс үлгісінде безендірілген. Мешіттің ауласына шыршалар талдар отырғызылып, жерге кесілгнен тастар төселген. Қосалқы бөлме ретінде дәретхана, асхана, дәрісханалар салынған. Мешіттің ашылу салтанатына ОҚО дін істер департаменті басшысы Самат Сапарбаев, ҚМДБ ның ОҚО өкіл имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді, аудан әкімі ауылы әкімі, маслихат депутаттары және ақсақалдар қатысты. Мешітті салтанатты түрде ашып, лентасы қыйылды. Мереке соңында 350 адамға ас берілді.
Сайрам ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі