14 сәуір күні Түркістан қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Нүкенов Абзал Нүкенұлы қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен және дін қызметкерлерінің, жастар ұйымдарының, студенттердің қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесуде қала басшысы Тәжібек Мұсаев және қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Базарбай Мұсабеков, ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, қаламыздың бас имамы Омар қажы Елеуұлы және бір қатар белсенді азаматтар қаладағы Қоғамдықкеңестің және ҮЕҰ-дың жұмыс барасымен, жастар саясатының жүзеге асырылуы және қаладағы діни ахуалдың жай-күйі туралы бөлісіп, министр орынбасарына өз ұсыныстарын айтып, пікірлерімен бөлісті. Бас қосу барысында А.Нүкенұлы кешегі облыс орталығы Шымкент қаласында өткен Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ отырысының барысы туралы баяндап өтіп, министрлік тарапынан атқарылып жатқан маңызды мәселелерді айта келіп, жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыру туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ кездесуге жиналған көпшіліктің тарапынан айтылған ұсыныстарды назарына алып, министрліктің жұмысы барысында ескерілетіндігін нақтылап өтті.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі