Қайырымдылық – жанының нұры. Қайырымдылық – кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым қатынастарын білдіреді. Алла тағала қасиетті құран кәрімде «Сабырлылық танытып, жан-тәнімен Раббыларының разылығын қалап ертелі-кеш дұға ететіндермен (қарапайым мүміндермен) бірге бол. (Олардан дәулеті асқан, дәрежесі артық әлдекімдерге көңілің ауып), оларды көзге ілмей қойма» – деген («Каһф» сүресі,28 Аят). Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Ата-бабаларымыз (Адам қайғысы-заман қайғысы) – деген. ҚМДБ-ның имамдары осындай қайырымдылық іс-шараларның өтуіне өз үлестерін қосып, мұқтаж жандардың алғысын алып жүр.
Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы «Нұр-төбе» мешітінің имамы, Бердалы Жәміштің ұйытқы болуымен, қайырымдылық іс-шарасы өтті. «Бәйтерек» кіші маркет сауда орталығы, мүгедек арбаға таңылған он адамға, және асыраушысы жоқ он отбасыға, азық-түлік таратып, дастархан жайып ас берді. Өткендерге Құран оқылып дұға бағышталды. Қайырымдылыққа мұқтаж жандардың көңілдеріне қуаныш сыйлаған, «Бәйтерек» кіші маркеті сауда орталығының ұжымына, Алла тағала разы болсын!
ОҚО Шымкент қаласы Абай ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі