IMG 316

IMG 316

Қасиетті Ережеп айының құрметіне Шардара ауданы Қ. Тұрысбеков ауыл округі «Шардара» мешітінің бас имамы С. Абдрамановтың ұйымдастыруымен І парадан, «Фәжр» сүресінен «Нәс» сүресіне дейін жатқа оқудан 7 – 10 жас аралығында ұлдар мен қыздар арасында сайыс ұйымдастырылды. Қасиетті кештің басын «Шардара» мешітінің ұстазы Маканов Орынбасар қаридың 4 жасар ұлы Эсен Халид Орынбасарұлы қасиетті Құран Кәріммен ашты. Құран жарысын Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров іс – шараны ұйымдастырушы алқаға, демеуші азаматтарға алғысын айтып, «Шардара» мешітінің ұстазы Маканов Орынбасар қариға Алғы хат табыс етті. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің» және «Кімде – кім Аллаһтың кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді», – деген. Жалпы құран оқудың маңыздылығына тоқталып, сайысқа қатысушы жас бүлдіршіндерге сәттілік тілеп ақ батасын берді.

Жарты парадан қасиетті Құран Кәрімді мүдірмей жатқа оқып, мәнерлеп мәнін келтірген Эсен Халид ІІ – орын, Алтынбай Нұрқанат ІІ – орын, Әбу Омар ІІІ-орынды иеленсе, 1 парадан І – орын Құралбай Мөлдір, ІІ – орын Эсен Гүлжан иеленсе, ІІІ – орынға ие болған Әбу Айшаға аудан имамының мадақтамасы және ақшалай сертификат табыс етілді. Сайысқа түсіп бағын сынаған жарысқа қатысушыларға 2000 теңге ынталандыру сыйлығы табыс етілді. Бүгінгі бүлдіршіндер арасында өтетін сайысқа еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін көрермен боп келді.

Өйткені Хадисте: «Қандай да бір қауым Алланың үйінде жиналып, Алланың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі. Алланың мейіріміне бөленеді, оларды періштелер қорғайды және Алла оларды қасындағылардың жанында еске алады», – делінген.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG 315

IMG 316

IMG 317

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38