IMG 318

IMG 318

Түркістан қаласы «Алпамыс батыр» мешітінің имамы Қожабеков Дәулеттің және жамағаттарының, кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен «Алпамыс батыр» мешітінде «әз-Наурыз» мерекесі кеңінен аталып өтті. Мерекені әуелі бас имам Омар қажы Елеуұлы Құран Кәрім оқып бағыштаумен бастап, атсалысқан барша ағайынға көпшілікпен дұға етті. Шара барысында ақсақалдар, мешіт ақсақалы, кәсіпкер азаматтар халықты арнайы құттықтаса, Түркістан қаласының бас имамы Омар қажы Елеуұлы ағамызда барша халыққа арнайы құттықтау сөзін арнап, «Тұран-Түркістан» телеарнасына сұхбат берді. Өз сөзінде бас имам «әз-Наурыз» мейрамының шығуы тарихын айта отырып, елдің біріктіретін ұлттық мейрамымыз екендігін айта өтті. Артынан мешіт имамы Қожабеков Дәулет «Тұран-Түркістан» телеарнасына сұхбат беріп, барша қол ұшын берген жамағаттарға шынайы алғысын айтты.
Ұлттық мерекемізде «Алпамыс батыр» мешітінің имамы Қожабеков Дәулет пен жамағаттарының ұйымдастыруымен 5 отбасыға қайырымдылық көмек берілді. Әр отбасыға азық-түліктей, ұн т.б. заттай берілді.
Жиын соңында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Атап айтқанда: қазақша күрес, қол күрес, арқан тартыс, кіші футболдан турнир болды.
Жарыс жеңімпаздарын ақшалай, алғыс хаттармен марапаттады. Шараға 500 азамат қатысты. Мейрам жоғары деңгейде аталып өтті.
Осынау ұлттық мерекеміз кеңінен аталып өтіп, арнайы «Тұран-Түркістан» телеарнасынан берілді.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 318

IMG 319

IMG 320

IMG 321

IMG 322

IMG 323

IMG 324

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38