Ел Тәуелсіздігімді алып, еліміз өркендеп келеді. Жаратушы Иемізге шүкіршілік айтамыз.
Игілікті жұмыстарға қолдау білдіріп келетін еліміздің жомарт жандарының болуы жемісті ісіміз. Өйткені мен еліміне не беремін, қандай үлес қосамын деген жандармыз. Осы ойдан арылмай еліміздің келешегі үшін баршамыз аянбай еңбек етіп келеміз.
Жомарт жандардың қолдауымен Шымкент қаласы Абай ауданы Телман мөлтек ауданы «Абдурахман» мешітінде тазалық орны (дәретхана) жаңартылу жұмыстары қолға алынды. Қасиетті Рамазан айына пайдалануға берілу жоспарлануда. Ғимарат заманауи үлгіде салынуда. Және 80 метр жаңа кілемдер алынып, жаңартылуда.Сонымен қатар көктемгі мешіт ауласын гүлзарлармен әсемдеу жұмыстарыда басталып кетті. 200 ден аса роза, 500 дана райхан т.б гүл көшеттері қондырылды.
Жомарт жандардың қамқорлығымен мешітіміз гүлденіп, мешітке келуші жұртшылыққа жағдай жасалынып жатқандығы көпшілікке қуаныш сыйлауда.
Имам Әбу Ханифа сауда саттықта өте адал еді. Сол адалдығымен оның сауда саттық ісіндегі табысы берекелді еді. Отбасына жетіп асатын. Ол жомарт,басқаларға мейірімді, жанашыр адам еді. Отбасына қанша жұмсаса, сонша басқа мұхтаждарға да жанашырлық танытып дүниесін жұмсар еді. Егер жаңа киім кисе, сол киімнің қымбаттылығына тең киімдерді міскіндерді де киіндіретін. Алдына тамақ қойылса, өзінің әдетте жейтін мөлшерден бір неше мәрте артығын басқа ыдысқа салдырып, қиналып жүрген жандарға жіберетін. Жүсіп Баласағұни атамыз өсиетінде; «Кімдер жомарт — сол бақыттың иесі, Бақыт берген жанға бақыт тиесі» деп айтқан екен. Жомарттық таныту пайдалы һәм сауапты істерден. Жомарттық танытып жүрген азаматтарға отбасына, ісіне Алла береке берсін. Аллаға, халқына жақын жомарт жандарымыз көп болсын.
Отанымыз Қазақстан өркендей берсін, гүлдене берсін. Еліміз аман, жұртымызда тыныштық болсын.
ОҚО Шымкент қ, Абай ауданы «Абдурахман» мешітінің баспасөз қызметі