IMG 285

IMG 285

Ережеп айы Алланың айы деп діни хабарларда келгені белгілі. Осы қасиетті айға тұспа тұс келген Құран сайысы аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен болып өтті. Сайысқа аудандық мешіттерден 45 ке жуық жас Құран жаттаушылыры қатысты. Арнайы ереже бойынша қатысу шарттары белгіленді . Сайыс екі бағыт бойынша өтті. Бірнші бағыт бойынша 30-шы параны жатқа оқудан болса, ал екінші бағыт бойынша мәнерлеп оқу сайысы қамтылды. Әділқазы алқалары Алматы қаласынан Исманов Алимхан «Көкқайнар» мешіті ұстазы, Әлішер Навайы ауылы «Шахи Мансұр» мешіті ұстазы Исманов Саруархан және «Ықылас» қарилар дайындау орталығынан ұстаз-қари Қамалжан Сыздықов арнайы қонақ болып, Құранды ережесімен, қатесіз оқуына және жаттау қабілетіне мән берді. Құран сайысы тартысты, қызықты, берекелі болып нәтежиесінде бірінші бағыт бойынша, яғни 30-шы пара дан Әлишер Навайы мешітінен Валихан Жалалиддинхан 1 ші орынды, Шахи Мансур мешітінен Абдулханов Саддам 2 ші орынды, Шырақшы мешітінен Бекенбай Асхат 3 ші орынды қанжығаларына байлады. Келесі бағыт Мәнерлеп оқудан Толыбеков Есен 1ші орын, Абдималик Иброхим 2 ші орын, Устемиров Ұлан 3 ші орынды иеленді. Сайыста озып шыққан барша орын иелеріне ақшалай сертификаттар берілді. Аудан бас имамы Анарбаев Самат қажы Құран сайысын қортындылап, барлық қатысушыларды құранға деген сүйіспеншіліктерін артырып уағыз айтты. Және осы болып өткен шараның сауаптарын, арнайы жайылған дастархан басында марқұм Ешенқұлұлы Қуаныш атаның рухына бағышталды. Рамазан айы Құран айы. осы Құран сайысы сол қуанышты, берекелі сауабы мол айдың бір сүйіншісі іспеттес болды.

Төлеби ауданы «Нұр» мешіті баспасөз қызметі

IMG 284

IMG 285

IMG 286

IMG 287

IMG 288

IMG 289

IMG 290

IMG 291

IMG 292

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38