IMG 270

IMG 270

ҚМДБ-ының ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен әкімшілік мәжіліс залында аудан әкімі Татыбаев Ахмет Өтегенұлы, ҚМДБ-ының ОҚО өкіл имам орынбасары Дастан Желеуовтың қатысуымен «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Г.Ташимова,, аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Р.Арыстанбаев, ЖАНТ мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мешіт бас имамдары қатысты. Терроризммен күресу тиімді жолдары, ақпараттандыру, ағарту, түсіндіру жұмыстарын жандандыру жайлы кеңінен талқылау жасалынды. Жиналыс барысында жауапты мамандар үстіміздегі жылымыздың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Облыс имам орынбасары Д.Желеуов облыстық өкілдігінің жанынан құрылған жергілікті ақпараттық насихат тобының аталған тақырып бойынша атқарып жатқан жұмыстарға тоқталып, алда атқарар ағарту, түсіндіру жұмыстары жайлы ұсыныстарын жетікізді. Сондай ақ Астана қаласында ҚМДБ-ының ұйымдастыруымен өткен жиналыста жергілікті ақпараттық насихат топ жұмыстарының бағыттары талқыланғандығын және теріс ағымға қарсы жас ұрпақ бойында «иман имунитетін» қалыптастыру жолдары жоспарланып жатқандығын жеткізді.Жиын барысында діни тұрақтылықты сақтау, экстремизм және терроризмнің алдын мәселелері жан-жақты талқыланды, сұрақтарға жауаптар беріліп, аудан әкімі Ахмет Өтегенұлы аталған мәселелер бойынша жауапты басшыларға қатаң бақылауға алудың, тұрақты жұмыс жүргізудің маңызды екендігін жеткізді.


ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 270

IMG 271

IMG 272

IMG 273

IMG 274

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38