ҚМДБ ОҚО бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың бастамасымен құрылған «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері» атты ОҚО халқына үндеуіне байланысты Шардара ауданы, Абай мәдениет үйінде «Ақылдастар алқасының» аудандық кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске Шардара ауданы бойынша имам-молдалар, ауыл ардагерлері кеңесінің төрағалары, Шымкент қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушысы М. Мұстафаев, ауыл билері, мектеп директорлары және мекеме басшылары қатысты. Семинар мәжілісті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Бердібеков жүргізіп отырды. Сөз кезегінде Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңестің төрағасы Қ. Ілесов үндеудің дер кезінде жолданғанын айта келе ақсақал қариялар мен ел ағаларын үндеуді қолдауға шақырды.
Ақ әжелер алқасының төрайымы Ж. Төлешова, ақын жырау Т. Шекеров, Қ. Тұрысбеков ауыл округі Шардара ауылы «А. Әлімбетов» жалпы орта мектебінің директоры Ә. Башқараев, Шардара АІІБ-нің полиция капитаны Д. Мұсабеков өз ой пікірлерін ұсыныс тілектерін ортаға салып, үндеуді қолдап, алдағы уақытта имамдармен бірлесе, жұмыс атқаруға ниеттерін білдірді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.