ОҚО орталық мешітінде қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы «Ислам дінінің кемелдігі» тақырыбында уағыз айтты. Төрт мыңға жуық жиналған қауымға исламның кемелдігін, оның ещқандай нұқсансыз, өзгеріссіз біздің заманымызға жеткендігін, және де қиямет қайымға дейін өзгермейтіндігін уағыздады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұсылмандарға ғана емес бүкіл адам баласына жіберілген елші екені, және әлемге Алланнң рахым-нұры болған пайғамбары екенін жеткізді. Намаз соңында қасиетті Құран оқылып бүкіл жамағат болып, қол жайып, еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын, келе жатқан қасиетті рамазан айына аман-есен жетуімізге нәсіп етсін деп дұға етілді.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі.