Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде Мүфтияттың төл басылымы «Mұнара» газеті мен «Иман» журналын жамағат арасында насихаттауға арналған босқосу өтті.
Игі шараға шаһар бас имам орынбасары Ахметжан Керімбек, қалалық Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Жұмабекқызы және Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысып, жұмыс жоспары талқыланды.
Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық Әжелер мектебінің құрамында екі жүзден астам әжелер ерікті түрде белсенділік танытып, әртүрлі шараларға қатысып, оның ішінде салт-дәстүр құндылықтары, жастар тәрбиесі және ардагерлер ұйымы арасында төл басылым «Mұнара» газеті мен «Иман» журналының кең ауқымды таралуына үлес қосып келеді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38