Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы орталық мешіті мен қалалық Зекет қоры қасиетті Ережеп айы құрметіне Тайқазан қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі шараға қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев пен қалалық Жастар ісі секторы Әзімбек Қарабеков қатысып, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының сәлемін жеткізе отырып, демеушілік көмек көрсеткен азаматтарға алғыс айтылды. Жалпы қайырымдылық шарасы барысында жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік себетін табыс етті. Алла Тағала кәсіпкер азаматтардың кәсібіне табыс, береке берсін деп тілейміз.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі








