Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты «Халифа Омар» мешітінде аудан имамдарының ұйымдастыруымен 39-айналым Құран хатымы өткізілді.
Іс-шара барысында «Ихсан және насихат» бағыты мен Құран секторының жетекшісі Талғат Абдукәрімұлы жамағатқа «Адамның бақыты – мінезінде» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Насихат барысында аманатқа адал болу, әрбір іске жауапкершілікпен қарау, бастаған істі тиянақты аяқтау, сондай-ақ мұсылман бойындағы ұқыптылық пен жауапкершіліктің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Шара соңында Құран хатымы жасалып, еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы мен бірлігі үшін дұға етілді.
Алла Тағала оқылған Құранды қабыл етіп, барша жамағатқа мол сауап нәсіп етсін!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


