Түркі даласының төл перзенті, Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық мектебінің көрнекті өкілі, ғұлама, әулие бабамыз Құл Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты насихаттау мақсатында дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтың «Ясауитану әліппесі» атты кітабы жарық көрді.
Бұл кітап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында әзірленіп, кітапқа ясауитанушы-ғалым, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті Философия және теология ғылымдарының докторы, профессор, Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы арнайы пікірнамасын жазған.
Кітап медресе және діни сауат ашу курсының шәкірттеріне, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Айта кетейік, кітап авторы Мұхамеджан Естеміровтің бұған дейін «Әл-Фараби өсиеттері», «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі», «Әжемнің насихаты», «Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздері», «Мәулітнама», «Мұхтасар», «Намаз үйренейік», т.б. бірнеше кітаптары мен ғылыми мақалалары жарық көрген. Жуырда кітаптың тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылады. Жаңа кітаптың оқырманы көп болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38