Сейітжан қари мешітінде Құран сауатын жетілдіріп жүрген шәкірт қыздар арасында махраж пәнінен тестік сынақ ұйымдастырылды.
Сынақтың негізгі мақсаты – шәкірттердің сабақ барысында меңгерген білімдерін пысықтап, әріптердің махражы мен сипаттарын ажырата білу деңгейін анықтау.
Шәкірттер тест барысында өздері оқып-үйренген тақырыптар бойынша білімдерін саралап, теориялық білімдерін сынақ жүзінде көрсетті. Әсіресе Құран әріптерінің дұрыс айтылуы, олардың шығу орындары, сипаттары ережелерін дұрыс қолдану бағыттарына ерекше көңіл бөлінді.
Мұндай сынақтар шәкірттерге өз білімдерін бағалап қана қоймай, әлі де толықтыруды қажет ететін тұстарын анықтауға мүмкіндік береді. Білімді жүйелі түрде қайталап, оны тәжірибеде дұрыс қолдану – Құранды көркем әрі сауатты оқудың маңызды негізі.
Алла Тағала барша шәкірттеріміздің білімін арттырып, Құранға деген сүйіспеншілігін еселеп, алған білімдерін амал ететін ізгі жандардан болуды нәсіп етсін!






