Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде «Munara tv» телеарнасының аудандық кеңсесі ашылды.
«Мүфтияттың төл телеарнасы «Munara tv» арнасының дін мен дәстүр, тәлім-тәрбие, рухани-танымдық бағдарламалары арқылы көрермен көңілінен шығып, зор ықыласына бөленуде. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Абай аудандық мешіті жанынан ақпаратқа жауапты тілші, фототілші мамандар жоспар құрып, күнделікті жұмыс жасауына ыңғайлы болсын деген мақсатта қажетті заттармен қамтамасыз етілген кеңсе ашып отырмыз. Мұнымен қатар, дін мен дәстүр, сыр-сұқбат жүргізуге арналған түсірілім алаңы әзірленуде» — деп, атап өтті Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров.
Аудандық кеңсенің жұмыс жоспарымен танысқан шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы оң бағасын беріп, әрі қарай дамыту қажет екендігін атап өтіп, сәттілік тіледі.
Осы орайда, тәжірибелі мамандар «Munara tv» арнасының Шымкент қалалық бөлімінің тілшісі Әділет Әнуар, монтаждаушы Жомарт Қолдасбеков, фототілші Бекалы Исбаевтар тарапынан аз уақыт ішінде 20-дан астам әртүрлі тақырыпты қамтитын танымдық видео-роликтер әзірленді.
Жаңадан ашылған аудандық кеңсе жұмысына табыс һәм сәттілік болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38