Шымкент қаласы, Абай ауданы, Абдусаттар Сманов мешітінде әйел жамағаты арасында «Күл астындағы гүл» атты кітабын оқудан тапсырмалар беріліп, нәтижесі сайыс түрінде талқыланып өтті.
Сайысқа «Әйел — сәулелі шуақ, әдемі гүл» деген ат берілді. Әйел заты — өмірдің шырағы мен гүлі деген сөздің төркіні өте терең. Бұл жай ғана әдемі теңеу емес, әйел баласының бұл дүниедегі орны мен атқаратын ұлы міндетін сипаттайтын асыл сөз.
Сайыста он екі қатысушы төрт топқа бөлініп, кітап тақырыптарына сай «Сұлу, таза, ақ өмір», «Мүмин әйел», «Күлден гүлге», «Әйел-өмірдің гүлі» деген атаулар берілді.
Сайыс топты таныстыру, «бейнелі сұрақ», «ойлан тап», «ұяшықты сұрақ» және «үй тапсырмасы» бөлімдермен өтті. Үй тапсырмасына әр топқа берілген тақырыптар жан-жақты көрнекі құралдармен, көрініс қойылымдарымен барынша қызу талқыға түсті. Қатысушылар өте пайдалы ақпараттар алып, көрермендер де тамашалап кітап білімімен сусындады.
Кітап талқылау нәтижесі шығарылып, қатысушыларға орындар белгіленіп, әр қатысушыға қатысқаны үшін алғыс хат беріліп, сыйлық тарту етілді.








