Шымкент қаласындағы Сейітжан Қари мешітінің «Білім шырағы» кітап клубында әйелдер мен қыз-келіншектер «Асыл аналар» кітабын талдады.

Кездесуде әр анамыздың ғибратты өмірімен танысып, бойындағы сабыр, қайсарлық, жомарттық, парасат сынды көркем қасиеттерін жеке-жеке саралады. Жоқшылықта да, баршылықта да өз ұстанымынан айнымай, өмірін ізгілікке арнаған аналарымыздан өздеріне қажетті өнегені алуға ой түйді.

Әсіресе Зүбайда анамыздың қажыларға су жеткізу жолындағы еңбегі ерекше әсер қалдырды. Тау-тасты жарып, Меккеге су жеткізген су арнасы – оның жомарттығы мен елге деген жанашырлығының ғасырлардан жеткен көрінісі.

Асыл аналарымыздың өмірі – өткен тарих қана емес, бүгінгі ұрпаққа бағыт беретін тағылымды жол. Әр анадан бір қасиет алып, оны өз өмірімізге сіңіру – басты мақсатымыз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38