Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент медресе колледжінде ас беру және той мәдениетіне байланысты кеңейтілген семинар ұйымдастырылды.
Семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы атынан, наиб имам Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров, Қаратау ауданының бас имамы Ербол Қалшабек және қалалық Жастар ісі секторы Әзімбек Қарабеков т.б медресе шәкірттері мен сала жетекшілері қатысты.
Басқосу аясында шаһар бас имамының орынбасары Ахметжан Керімбек бастаған бірнеше ұстаздар ас беру және той мәдениетіне байланысты арнайы баяндама жасады.
Сондай-ақ, семинар барысында ҚМДБ-ның ас беру мәдениеті құжатын жан-жақты насихаттау мәселелері талқыланды. Жиын соңында Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










