Бүгін Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен «Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі» атты ардагерлер кеңесінің форумы өтті.
Форумға ҚР Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділғазы Құсайынов, қалалық ардагерлер кеңесінің басшысы Кенжехан Төлебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам-заң қайраткері Бекет Тұрғараев, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қатысып, арнайы баяндама жасады. Тағылымды форумға дін өкілдері, зиялы қауым, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесі т.б. қоғам белсенділері, қала тұрғындары қатысты.
Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы өз баяндамасында дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығын сақтау, жастардың діни сауаттылығын арттыру және жат ағымдардың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-әжелер мен ардагерлердің рөлін атап өтіп, жастарды имандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеудің маңыздылығын жеткізді.
Сондай-ақ ҚМДБ тарапынан қабылданған ас беру мәдениеті құжатын таныстырып, той мәдениетіне қатысты мәселелер бойынша бірқатар ұсыныс жасады.
Айта кетейік, форум аясында арнайы үндеу де қабылданды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


















