Бүгін Шымкент орталық мешітінде 25 қазан Республика күніне орай қала бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың бастамасымен, әжелер жамағатының ұйытқы болуымен мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірілді. Игілікті шараға орталық мешіттің наиб имамдары Ахметжан Керімбек, Нұржан Қасымбеков, Әзімбек Қарабеков қатысып, қала бас имамының ыстық сәлемін жеткізді. Жиналған көмек алушы жандарға бата беріліп, ізгі тілектер айтылды. Сонымен қатар қайырымдылыққа демеушілік көрсеткен Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова апаға имамдар алғыс айтып, ризалық білдірді.
Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты — мұқтаж жандарға жәрдем беріп, қоғамдағы өзара мейірім мен жанашырлықты дәріптеу.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38