Кеше, ауданымызға жемқорлықпен күрес тобы ат басын тіреген болатын. Осыған орай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұсынысы бойынша Аудандық «Нұғман» мешітінің найб имамы Паташов Бауыржан және қалалық «Нұр- Жетісай» мешітінің имамы Нурматов Абдурахман ауданда орналасқан мемлекеттік мекемелерде «Жемқорлықсыз Қазақстан» жобасы аясында діни насихат жүргізді. Сонлардың қатарында: Мақтарал ауданы әкімдігі мәжіліс залында, «Әлеуметтік қолдау» КММ-інде, «Сәулет- құрылыс» мекемесі, Аудандық поликлиника және орталық аурухана қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ- інде қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жасалынды. Өз сөзінде найб имам Бауыржан Момынтайұлы: «жетпіс үлкен күнәнің бірі де осы. Жемқорлық – ұлттың дерті. Елдің дамуы мен өркендеуіне залалын тигізеді. Алла Тағала Құранда: Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер… деп келген. Сондықтан мұндай дерттен аулақ болайық»- деп сөзін аяқтады. Және имам Абдурахман Нурматов: қазіргі таңда жемқорлықты болдырмау үшін түрлі әдістер қолданылуда. Солардың бірі осы үгіт- насихат. Алайда, ең үлкен және нәтиже беретін тәсіл ол- иман. Иманымызды арттырайық, ел болашағына балта шабудан сақтанайық- деді. Кешкі мезгілге дейін созылған үлкен ауқымды жиынға аудан әкімі орынбасары М. Жолдасбеков, мекеме қызметкерлері және ауданымыздың құрметті азаматтары қатысты.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі