Бүгін Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен арнайы семинар ұйымдастырылды. Арнайы семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Исламқұл Иманқұлұлы қатысып, екпе егудің шариғи мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Кездесу барысында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің шығарған екпе етуге байланысты пәтуасын таныстырып , қатысушылардың бірнеше сұрақтарына жауап берді. Бұл бағыттағы кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылатын болып шешілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38